Персоналды сертификаттау бойынша органның сапасы саласындағы және оның бейтараптылығын қамтамасыз ету саясаты

Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін персоналды сертификаттау бойынша көрсетілеттің қызметтің сапасын тұрақты түрде жақсарту тұтынушылардың қанағаттануын және мойындауды жаулап алуы мен іскерлік беделін арттыруға бағытталған.

Персоналды сертификаттау бойынша органның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

— аккредитациялау саласында персоналды сертификаттау бойынша көрсетілетін қызметтің сапасын тиісті деңгейде қолдау және тұрақты түрде арттыру;

— персоналды сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуде бейтараптылықты, құпиялылықты және объективтілікті, коммерциялық, қаржылық және ықпал етудің өзге де түрлеріне жол бермеуді қамтамасыз ету;

— тұтынушылардың талаптары мен сұраныстарына жедел әсер ету;

— Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгеруіне және басқа да міндетті талаптарға жедел әсер ету;

— сертификаттау бойынша органның қызметіне тұтынушылардың сенімін қолдау.

Осы саясатты іске асыру үшін сертификаттау бойынша орган мыналарды қамтамасыз етеді:

— қызметкерлердің сапа саласындағы саясатты түсінуі мен ұғынуын қамтамасыз ету;

— персоналды сертификаттауға объективтік және бейтараптылық бағыт;

— шағымдар мен апелляцияларға жедел, сындарлы және бейтараптылық әсер ету;

— объективті себептер негізінде және қолданыстағы НҚА мен ТНҚА сәйкес құзыреттілік сертификатын тоқтату, күшін жою және қызмет саласын қысқарту;

— сертификаттау бойынша орган қызметінің жаңа бағыттарын енгізу;

— тиісті салада жоғары деңгейде құзыреттілігі мен кәсіпқойлығы бар мамандарды сертификаттау бойынша жұмысты орындауға тарту;

— сертификаттау бойынша орган персоналының біліктілігін арттыру;

— сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін тұрақты түрде жетілдіру мен арттыру.

 

«Бұзбайтын бақылау және техникалық диагностиканың Қазақстан оқу-ғылыми орталығы» мекемесінің басшылығы сапа саласында және бейтараптылықты қамтамасыз ету саясатын іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуіне және тиісті ресурстарды бөлуге міндеттенеді.

W-Deonis.ru